Ақтауда тәлімгерлер біліктілігін арттырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Ақтауда тәлімгерлер біліктілігін арттырды

Ақтауда тәлімгерлер біліктілігін арттырды

Ақтауда «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында колледждердің өндірістік оқу шеберлері мен кәсіпкерлер үшін арнайы семинар ұйымдастырылды.

40-қа жуық қатысушы екі күн бойы өндіріс алаңдарына келетін студенттерді еңбекке баулудың қыр-сырын үйренді. Тәлімгерлер болашақ мамандардың біліктілік деңгейін нақты анықтай білуі қажет, дейді мамандар. Сондықтан кәсіби білім мен тәжірибемен қоса, жастармен тіл табысып, өндірістік ортаға бейімдеу де маңызды. Осы кезеңде студенттер үшін тәлімгердің ролі зор. 

 Әсел Жекенова кәсіпкер:

Практика жүзінде студенттерді оқытамыз. Яғни олар колледжде теориялық оқуды өткенімен, тігін өндірісімізде практиканы өтеді. Әрі қарай бұл жұмыс жасаймын деген студенттерді біз жұмысқа қабылдап және оларға ақылы жұмыс табыстаймыз.

Рашит Мұстапаев, Маңғыстау облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры:

Қазіргі таңда болон системамен біздерге колледждерде, университеттерде беріп жатқан мамандарға тек мамандық деген жазылады. Бірақ квалификация деген нәрсе жоқ. Ол ненің бакалавры, ненің магистрі дегендей. Сондықтан осы ертең мекеме басшылары соған наставниктердің айтуына қарап, олардың кеңесіне қарап, шешім қабылдай алады.  

Аягөз Оралбайқызы 

Автор
Редакция
Бөлісу