Қазақстан төлқұжатында барыстың суреті пайда болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Қазақстан төлқұжатында барыстың суреті пайда болады

Қазақстан төлқұжатында барыстың суреті пайда болады

Қазақстан паспортына кішігірім өзгеріс енгізілді. Енді құжатта қар барысының бейнесі таңба ретінде қолданылады. Көріп тұрғандарыңыздай белгі жеке сәйкестендіру номерінің жоғарғы жағында орналасады. Ішкі істер министрінің орынбасары Бауыржан Аленовтың айтуынша, бұл өзгеріс жалған паспорт жасаудың жолын кесуге және азаматтардың жеке мәліметтерін қорғауға көмектеседі. Қар барысын мемлекеттік символдар, спорт клубтары мен ұйымдардан жиі көрініс табатынын, айта кетейік.

Асылбек Данияр

Автор
Редакция
Бөлісу