ШҚО-да жер сілкінді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар ШҚО-да жер сілкінді

ШҚО-да жер сілкінді

Бүгін 15:37 минутта Шығыс Қазақстан мен Абай облысының аумағында жер сілкінді. Тербелістің ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 793 шақырым жерде болған. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Сейсмологиялык зерттеу институты» хабарлады. Алдын ала болжам бойынша жер сілкінісінің күші 2-4 балл аралығында болған. Дегенмен шығыстағы екі облыстың әр аумағында әр түрлі сезілген. Әзірше зардап шеккендер мен бүлінген ғимараттар жөнінде ақпарат жоқ.


Автор
Редакция
Бөлісу