Таразда қалаға іргелес ауылдағы 11 көшеде асфальт жоқ
Тараз жанындағы Арай тұрғын үй алабына жұрт 15 жыл бұрын қоныстанса да әлі күнге бірде-бір көшесінде асфальт жоқ. Тұрғындар көктем мен күзде лай кешіп, жазда шаңды жолмен қатынауға мәжбүр. Байзақ ауданы, Бұрыл ауылы құрамындағы тұрғын үй алабы облыс орталығынан 2 шақырым жерде. Мұндағы 11 көшеде асфальт атымен жоқ. Тас жол төсеуге қаржы қарау созылып кеткендіктен ауылдықтар бірнеше рет жылу жинап жөндеген. Ал бұқараның басым бөлігі Таразда жұмыс істейді. Студенттер мен кей оқушылар қалаға қатынап оқиды. Бірақ барлығы алдымен Қайнар тұрғын үй алабына жарты сағат жаяулатып жол жүреді. Өйкені автобус көрші ауылдың аялдамасына ғана тоқтайды. Сондықтан қоғамдық көлік бағытын да қосуды сұрап отыр.
Жазира Сәрсенова, Бұрыл ауылының тұрғыны:
Мына жерге ақша жинап, тасты өзіміз төсеп жолды өзіміз тегістедік. Осы көше ана көшені де өзіміз тегістедік. Балаларға қиын. Батпақ болады, аяқтары ластанып. Менің өзім жасым келсе де мынандай тас-тас жолда жүргім келмейді. Аяғыма батады, мен де асфальта жүргім келеді.
Әкімдік жол салу үшін былтыр жобалық сметалық құжаттама әзірлеген. Алайда аймақтардағы су тасқынына байланысты қаражат бөлінбей қалған. Бірақ биылғы жоспарда да жоқ болып шықты. Ал қоғамдық көлік мәселесін шешу үшін келер жылы тасымалдаушы компанияға субсидия бөлуді жоспарлап отыр.
Саламат Ысқақов, Бұрыл ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы:
Биылдыққа жолдарды кіргізу себебіміз ол кісілер яғни бұрынғы тұрғындар 25-30-35 жыл асфальт көрмеген. Көшелері мынадан да жаман ойдым-ойдым. Енді рет-ретімен Бұрылды реттейік деп шештік. Келесі 2026 жылы осы Арай алқабын асфальт төсейміз деп жоспарлап отырмыз.
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
