Ақмола облысында утилизациялық алым есебінен жеңілдетілген несие берілуде
Елімізде утилизациялық алым есебінен «Жасыл даму» қоры арқылы жеңілдетілген несиелер берілуде. Мемлекеттік қолдау тұрмыстық қалдықтарды өңдеу мен тасымалдау бағытында жұмыс істейтін компанияларға көрсетіледі.
Дәл осы жоба Ақмола облысының Степногорск қаласында сәтті жүзеге асуда. Шаһардағы тұрмыстық қатты қалдықтарды жинап, шығарумен айналысатын «Шебер СпецМаш» серіктестігі жеңілдетілген несиеге қоқыс таситын екінші жаңа көлігін сатып алды. Жалпы сомасы шамамен 50 миллион теңгелік несиені компания жылына 3 пайыз мөлшерлемемен 15 жылда өтеуі тиіс. Төлемдерді 2 жылға дейін кейінге қалдыру мүмкіндігі де бар.
Жалпы, еліміз бойынша техникалық паркті жаңарту бойынша бүгінде 67 жоба мақұлданды. Оның 43-і қалдықтарды жинау мен қайта өңдеуге бағытталған.
Бибінұр Әмірханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
