10 жасар баланы иттерден құтқарған азамат Президент алғыс хатын алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар 10 жасар баланы иттерден құтқарған азамат Президент алғыс хатын алды

10 жасар баланы иттерден құтқарған азамат Президент алғыс хатын алды

Алматы облысында 10 жастағы баланы иттерден құтқарған Серікбек Сақайбековке Мемлекет басшысының Алғыс хаты табысталды. Хатта «Батыл іс-қимылыңыз бен қамқорлығыңыз үшін алғыс білдіреміз» деп жазылған. Бозбаланы ажалдан арашалап қалған Серікбек Сақайбековтің ерлігі - көпке үлгі. Ержүрек, қайсар азаматты облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев арнайы қабылдап, оның әрекеті батырлықтың жарқын үлгісі екенін атап өтті.

Айта кетейік, оқыс оқиға 30 маусым күні Алмалыбақ ауылындағы футбол алаңында болды. Зейнеткер өз өміріне қауіп төнсе де, қабаған иттер талап тастаған баланы құтқарып қалды. Ал жеткіншек қазір Алматы облыстық балалар клиникалық ауруханасында ем қабылдап жатыр. Жағдайы тұрақты дейді дәрігерлер.

Айдана Қуантхан

Автор
Редакция
Бөлісу