Универсиада ойындарында ел қоржынына қос қола түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Универсиада ойындарында ел қоржынына қос қола түсті

Универсиада ойындарында ел қоржынына қос қола түсті

Германиядан сүйінші хабар. Универсиада ойындарында ел қоржынына қос қола түсті. Бірінші жүлдені таеквондодан командалық жарыста Қазақстан әйелдер құрамасы жеңіп алды. Отандастарымыз 1/8 финалда жарыс қожайындары Германия құрамасын жеңсе, ширек финалда АҚШ спортшыларынан басым түсті. Ал финалдың жолдамасы сарапқа салынған жекпе-жекте Оңтүстік Корея құрамасынан жеңілді. Бұл сында ел намысын Мария Севостиянова, Нұрай Құсайынова, Айша Әділбекқызы қорғады. Екінші қолда аралас командалық сында түсті. Ұлттық құрама жартылай финалда мысыр спортшыларынан жеңілді. Бұған дейін, 63 келі салмақта сынға түскен таеквондошы Самирхон Абабакиров Универсиада чемпионы атанған болатын. Осылайша, спортшыларымыз осы уақытқа дейін 9 медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте 21-орында тұр. 

Асылбек Данияр

Автор
Редакция
Бөлісу