Қазақстанда ұлттық жүк авиакомпаниясы құрылуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Қазақстанда ұлттық жүк авиакомпаниясы құрылуы мүмкін

Қазақстанда ұлттық жүк авиакомпаниясы құрылуы мүмкін

Қазақстандық авиакомпаниялар биыл 7 млн 200 мың жолаушы тасымалдады. Көрсеткіш былтырмен салыстырғанда 6%-ға артқан. Бұл туралы авиация саласын дамыту бойынша өткен жиында айтылды. Соңғы жылдары елімізде 20 ұшу-қону жолағы, 19 терминал реконструкцияланып, Түркістанда жаңа әуежай салынды. Алдағы уақытта салаға 2,9 млрд доллар инвестиция тарту көзделіп отыр. Соның есебінен Қатонқарағай, Зайсан, Кендірлі, сондай-ақ Арқалық туристік аймақтарында жаңа әуежай салынбақ. Тағы да 10 ұшу-қону жолағы мен 10 терминал реконструкцияланады, арнайы техника паркі жаңартылады. Жиында қаралған басты мәселе жүк авиакомпаниясын құру. Бүгінде әлемдік жүк авиатасымалы артқан, яғни көлемі 57 млн тоннадан асады. Және оның 15%-ы Қазақстанның әуе кеңістігі арқылы өтеді. Сондықтан Премьер-министр жүк авиатасымалын құру бойынша дайындық жұмыстарын жеделдетуді тапсырды.

Ақниет Балтанова


Автор
Редакция
Бөлісу