Маңғыстауда төбесі құлаған мектепке қатысты қылмыстық іс қозғалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Маңғыстауда төбесі құлаған мектепке қатысты қылмыстық іс қозғалды

Маңғыстауда төбесі құлаған мектепке қатысты қылмыстық іс қозғалды

Маңғыстауда төбесі құлаған мектепке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық кодекстің 278-бабы, 2-бөлігі — ғимараттарды, құрылыстарды немесе олардың бөліктерін пайдалануға беру немесе пайдалануға рұқсат беру кезінде қауіпсіздік талаптарын бұзу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Қазір мектептің аумағына бөгде адамдардың кіруіне уақытша тыйым салынды.

Еске салайық, кеше таңғы сағат 06:30-да Құрық ауылында орналасқан мектеп-гимназияның акт залының төбесі опырылып құлаған болатын. Аумағы 250 шаршы метр шатыр сол күйі ортасына түскен. Абырой болғанда, оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ.

Аягөз Оралбайқызы


Автор
Редакция
Бөлісу