Үшарал қаласына жақын маңда жер сілкінді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Үшарал қаласына жақын маңда жер сілкінді

Үшарал қаласына жақын маңда жер сілкінді

Жетісу облысында Үшарал қаласынан 27 шақырым қашықтықта таңғы сағат 9:00-ге таяу 3,7 балдық жер асты дүмпуі тіркелді. Тербеліс тереңдікте болғандықтан, ол жер үстінде сезіле қоймаған. Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар жоқ. Мамандардың айтуынша, Жетісу облысы геологиялық тұрғыдан сейсмикалық белсенді аймаққа жатады. Сондықтан мұндай әлсіз тербелістер қалыпты құбылыс саналады.

Дамир Нұрмұхамет


Автор
Редакция
Бөлісу