Түркияда орман өртінен 10 адам қаза тапты
Түркияның Ескішехир аймағында болған орман өрті салдарынан 10 адам қаза тапты. Олардың бесеуі — орманшы, қалған бесеуі — іздеу-құтқару қорының волонтерлері. Қызыл жалынмен күресіп жатқан 24 адам кенеттен өзгерген желдің бағыты салдарынан оттың ортасында қалып қойған. 14 адам аман құтқарылды, ал 10 адам түтінге тұншығып сол жерде көз жұмды. Өрттен аман шыққандардың жетеуі ауруханаға жеткізілген. Біреуінің жағдайы ауыр. Түркияда жаз басталғалы орман өрттері тоқтар емес. Тек соңғы бір тәуліктің өзінде елдің тоғыз өңірінде жаңа өрт ошақтары тіркелді. Тілсіз жаумен күреске аптап ыстық пен күшті жел кедергі келтіріп отыр.
Ибрахим Юмаклы, Түркияның ауыл және орман шаруашылығы министрі:
Дәл қазір жеті жерде ірі орман өртін сөндіру жұмыстары жүріп жатыр. Өкінішке қарай, тілсіз жаумен күресте 5 волонтер мен 5 орманшы әріптесіміз көз жұмды. Олардың жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Мамандар ертеңнен бастап аптап ыстық пен жел күшейе түсетінін болжады. Сондықтан еліміздің 86 миллион азаматын от жаққанда барынша сақ болуға шақырамын.
Айдос Әшімұлы
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49

Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Хасан Қасымбаевқа қатысты сот процесі басталды
21.08.2025, 10:12
Banner