Ж.Әлімханұлы барлық белбеуді біріктіргісі келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Ж.Әлімханұлы барлық белбеуді біріктіргісі келеді

Ж.Әлімханұлы барлық белбеуді біріктіргісі келеді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы орта салмақта үстемдік етіп жүрген мексикалық Сауль Альвареспен жекпе-жек өткізуді мақсат етіп отыр. Бұл туралы әлеуметтік желісіне жазды.

Дегенмен, орта салмақтағы IBF және WBO чемпионы алдымен WBC чемпионы — доминикандық Карлос Адамес пен WBA белбеуінің иегері — кубалық Эрисланди Ларамен жұдырықтасқысы келеді. Мұны жарияланымдағы суреттерден-ақ байқауға болады.

Осылайша, қазақстандық боксшы орта салмақтағы барлық белбеуді біріктіріп, абсолют чемпион атануды көздеп отыр.

Асылбек Данияр

Автор
Редакция
Бөлісу