Елімізде 10 мыңнан аса экстремистік сипаттағы материал анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Елімізде 10 мыңнан аса экстремистік сипаттағы материал анықталды

Елімізде 10 мыңнан аса экстремистік сипаттағы материал анықталды

Елімізде жыл басынан бері экстремистік және араздық тудыратын сипаттағы 10 мыңнан аса материал анықталып, оның 3200-ге жуығы өшірілді. Дін істері комитеті осылай деп хабарлады. Сондай-ақ 2 мыңнан аса діни тақырыптағы материалдар зерттеліп, олардың 70 пайызы оң нәтиже көрсетсе, 20 пайызы діни мазмұнға жатпайтыны белгілі болды. Интернет кеңістігіндегі діни экстремизмге қарсы күрес – басты назарда. Биыл 17 мыңнан аса түрлі форматтағы ақпараттық материал әзірленіп, оның 2 500-і бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды. Аталмыш шаралар зайырлы құндылықтарды насихаттауға, дінаралық келісімді нығайтуға бағытталған.

Айдана Қуантхан

Автор
Редакция
Бөлісу