Жетісу облысында «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Жетісу облысында «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы өтті

Жетісу облысында «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы өтті

Жетісу облысына қарасты Нұрмолда Алдабергенов ауылында «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы өтті. Игі шараға мемлекеттік қызметкерлер, белсенділер мен тұрғындарды қоса алғанда 50-ден аса адам қатысқан. Олар Алдабергенов саябағын тұрмыстық қалдықтар мен қоқыстан тазартты. Бүгінгі күнге дейін Ескелді ауданында 5 тоннадан астам қоқыс арнайы орынға жөнелтілген. Эко акция алдағы уақытта да жалғасып, ауданның өзге де елді мекендерінде өткізіледі, дейді ұйымдастырушылар.

Дамир Нұрмұхамет

Автор
Редакция
Бөлісу