Олжас Бектенов Ресей үкіметінің төрағасымен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Олжас Бектенов Ресей үкіметінің төрағасымен кездесті

Олжас Бектенов Ресей үкіметінің төрағасымен кездесті

Премьер-Министр Олжас Бектенов Ресей Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен кездесті. Тараптар жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысын, сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту және инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады. Былтыр екі ел арасындағы тауар айналымы 27,8 млрд долларды құраса, биылғы бес айдағы көрсеткіш 9,6 млрд доллар. Мемлекеттер басшыларының тапсырмасы бойынша, өзара сауда көлемін 30 млрд долларға дейін ұлғайту бойынша мақсатты жұмыстар жүргізіліп жатыр. Инвестициялық ынтымақтастықта зор мүмкіндіктер бар, деді Олжас Бектенов. Сондай-ақ алдағы күзде Оралда өтетін XXI Өңіраралық форумға дайындық жайы сөз болды. Кездесу соңында тараптар барлық басым бағыттар бойынша екі ел арасындағы өзара тиімді экономикалық ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге дайын екендіктерін жеткізді.

Динара Жарқынбек


Автор
Редакция
Бөлісу