Ресейде жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Ресейде жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады

Ресейде жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады

Ресейде жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Амур облысында Ан-24 ұшағы құлап, 48 адам қаза тапты. Оның бесеуі бала, алты экипаж мүшесі бар. «Ангара» әуекомпаниясының борты Хабаровск-Благовещенск-Тында бағыты бойынша ұшып бара жатқан және Тында әуежайынан бірнеше шақырым жерде Амур облысында байланысын тоқтатқан. Тында қаласынан 15 шақырым жерде ұшақтың бөлшектері табылды. Ан-24 ұшағы 50 жыл бұрын Авиант авиациялық зауытында шығарылды. Бұл ұшақ 2018 жылы Иркутск облысының Бодайбо әуежайында зақымданған, алайда қолданыстан шығарылмады. Ұшақ апатына техникалық ақау мен ұшқыштардың қателігі себеп болуы мүмкін. Қайтыс болғандардың туыстарына компенсация төленеді.

Игорь Смирнов, Амур облысы бойынша ТЖМ бас басқармасының бастығы:

Ұшақ таудың баурайында құлаған. Жету өте қиын болды. Оқиға орнында төтенше жағдай қызметкерлері, аэромобильді топ жұмыс істеп жатыр. Сонымен қатар жедел желі іске қосылды.

Осы Амур облысындағы ұшақ апатына байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинге көңіл айтты.

Индира Бегайдар


Автор
Редакция
Бөлісу