Жамбыл облысында 200-ден астам қойды сатып жіберген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Жамбыл облысында 200-ден астам қойды сатып жіберген

Жамбыл облысында 200-ден астам қойды сатып жіберген

Қой ұрлау үшін қойшы болып жұмысқа орналасқан. Жамбылда ауыл шопаны егесінің қойын ұрлап, 3 жылға сотталды. 

Ол қожалық иесінің 203 бас ұсақ малын саудаға салып, 7 млн теңге тапқан. Алдымен мал иесінің сеніміне кіріп, 700-ге жуық қойды бағып беруге келіседі. Сөйтіп 3 айдың ішінде бір отарды талан-таражға салады. Бірақ жайылымдағы мал басының азайғанын білдірмес үшін, әуелі қозыларын сатқан. Әккі шопан сотта өз кінәсін толық мойындады. Сондай-ақ ол материалдық шығынды да өтейтін болды.

Бақытжан Мырзалипов, Шу аудандық сотының судьясы: 

Сәйкесінше ол сот залынан күзетпен ұстауға алынды. Бұдан басқа, жәбірленушінің азаматтық талап қоюы толық қанағаттандырылып, сотталған «И» есімді азаматтан 2 млн 400 мың теңге көлемінде материалдық залал өндірілді. Сот үкімі заңды күшіне енді. 

Данияр Әлімқұл

    

Автор
Редакция
Бөлісу