Академиялық ескек есу: Ұлттық құрама жартылай финалға өтті
Дзюдошылар іріктеуден өте алмады. Германияда өтіп жатқан Дүниежүзілік жазғы универсиада ойындарында академиялық ескек есуден ерлер құрамасы екі, әйелдер бір дисциплина бойынша жартылай финалға жолдама алды. Жұптық сында Ярослав Мельников пен Владислав Галкин мәре сызығын бірінші болып кесті. Ал, төрт адамдық жарыста Ұлттық құрама жігіттері мәреге екінші болып жетті. Қыздар да жұптық сайыста өз тобында екінші келді. Бұл финал жолдамасына таласуға жеткілікті көрсеткіш. Жартылай финал мен финал ертеңге жоспарланған. Бұдан бөлек, бүгін дзюдодан жекелей сындағы соңғы жарыс күні өтіп жатыр. Ерлерден 90 келідегі Айдар Арапов пен аса ауыр салмақтағы Жантілек Нұртілепұлы 1/8 финалда сүрінді. Сондай-ақ, 100 келіге дейінгі салмақтағы Бақжан Байтас жартылай финалдың жолдамасы үшін болған күресте неміс балуанына, жұбаныш сайысында жапон дзюдошысына жол берді. Әйелдерден 78 келіден жоғары салмақтағы Ақерке Рамазанова іріктеуді сәтті бастағанымен, ширек финалда корей қызынан жеңілді. Енді екі татами шебері жұбаныш белдесуінде күреседі.
Асылбек Данияр
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49

Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Хасан Қасымбаевқа қатысты сот процесі басталды
21.08.2025, 10:12
Banner