Жұптық сайыс: Е.Рыбакина жартылай финалға өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Жұптық сайыс: Е.Рыбакина жартылай финалға өтті

Жұптық сайыс: Е.Рыбакина жартылай финалға өтті

АҚШ-та өтіп жатқан теннистен WTA 500 турнирінің жұптық сынында Елена Рыбакина жартылай финалға өтті. Отандасымыз ұлыбританиялық Эмма РадуКанумен бірге ширек финалда мексика– индонезия дуэтін жеңіді. Екі сеттің қорытындысы бойынша есеп: 7:6, 6:4. Енді қазақ-британ жұбы финалға шығу үшін қытай-америка жұбыннан басым түсу керек. Бұған дейін Елена Рыбакинаның жекелей сында ширек финалға өткенін айтқан едік. Оның қарсыласы поляк қызы – Магдалена Френх.

Асылбек Данияр


Автор
Редакция
Бөлісу