Ресейде санкция салдарынан дәрі тапшылығы артты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Ресейде санкция салдарынан дәрі тапшылығы артты

Ресейде санкция салдарынан дәрі тапшылығы артты

Ресейлік ірі фармацевтикалық компаниялар санкцияға ілікті. Ал экономикалық шектеулердің салдарынан елде дәрі тапшылығы артып отыр. Өмірлік маңызы бар препараттардың 20%-ы дәріханалардан жоғалып кеткен, кейбір қалаларда тапшылық 65% - ға жеткен. Өткен жылы импорттық дәрінің үлесі 15% болса, биыл 9%-ға жетпейді. Ресей осыған дейін Израиль, Қытай, Үндістаннан дәрі алатын. Қазір импорттық дәрі тек Беларусь елінен жеткізіледі. Отандық фармкомпаниялардың 99%-ы дәрі жасауға қажетті шикізаттың жоқтығын мойындады. Енді өте қажетті әрбір бесінші преапатты сатып алу мүмкін емес.

Виктория Преснякова, тәуелсіз дәріханалар қауымдастығының директоры:

Әрине, санкция дәрінің сапасы мен бағасына кері әсер етті. Препараттар күрт қымбаттады. Отандық компаниялар әр дәріге клиникалық зерттеу жүргізуі үшін біраз уақыт керек. Бұл – өте күрделі жұмыс. Сондықтан дәрі жетпей жатыр.

Индира Бегайдар


Автор
Редакция
Бөлісу