Түркияда 50 градусқа дейін аптап ыстық тіркелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Түркияда 50 градусқа дейін аптап ыстық тіркелді

Түркияда 50 градусқа дейін аптап ыстық тіркелді

Түркияда бұрын-соңды болмаған аптап ыстық тіркелді. Елдің 38 қаласында ауа температурасы 40 градустан жоғарылаған. Анкара мен Анталья тұрғындары да шілденің шіліңгір ыстығын бастан өткеріп жатыр. Силопи қаласында сынап бағанасы 49,9 градусты көрсеткен. Ауа-райы болжамына сай, республика аумағында аса жоғары температура тамыздың 2-не дейін жалғасады.

Арай Төлегенқызы

Автор
Редакция
Бөлісу