МӘМС: 12 млн адам мемлекет тарапынан сақтандырылған
12 миллион адам мемлекет тарапынан сақтандырылған. Олар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында тегін медициналық көмек ала алады. Бұл азаматтар 15 әлеуметтік санатқа кіреді. Оның ішінде балалар, зейнеткерлер, көпбалалы аналар мен мүмкіндігі шектеулі жандар бар. Ал, қалғаны жұмыс беруші есебінен сақтандырылған. Қор өкілінің айтуынша, МӘМС-ке жыл 12 ай төлем жасап отыру шарт. Егер, азамат бір айдың жарнасын төлемесе, сақтандыру мәртебесінен айырылып қалуы мүмкін. Ал сақтандыру қорындағы сома жеке есепшотта сақталмайды. Әлеуметтік жүйе болғандықтан, қаржы ауыр дертке шалдыққан науқастың ем-домына жұмсалады.
Забира Оразалиева, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры төрағасының кеңесшісі, ресми өкіл:
Ең басты шарт – ай сайын үзбей немесе бірнеше айға алдын ала төлеп қоюға мүмкіндіктер бар. Ол дегеніміз 4950 теңгені ай сайын төлеп, осы сақтандыру мәртебесіне ие болып, қандай да болмасын медициналық қызметке жүгінуге мүмкіндік алу. Сақтандыру мәртебесі бар болатын болса, ешқандай емхана медициналық көмектен бас тарта алмайды.
Асылбек Данияр
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49

Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Хасан Қасымбаевқа қатысты сот процесі басталды
21.08.2025, 10:12
Banner