Әйгерім Алтынбек тарихи жеңіске қол жеткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Әйгерім Алтынбек тарихи жеңіске қол жеткізді

Әйгерім Алтынбек тарихи жеңіске қол жеткізді

Қазақстандық опера әншісі Әйгерім Алтынбек Италияның Портофино қаласында өткен халықаралық ән байқауында бас жүлдені алып, тарихи жеңіске қол жеткізді. Әйгерім сондай-ақ «көрермендер көзайымы» жүлдесін, «ең үздік әйел дауысы» номинациясын және Карло Майер атындағы арнайы сыйлықты иеленді. Бұған дейін мұндай жетістікке Орталық Азиядан ешбір өнерпаз қол жеткізбеген. Еске сала кетейік, «CLIP» опера байқауы Италияда өтетін ең беделді халықаралық вокалдық сайыстардың бірі.

Дархан Рақымжан


Автор
Редакция
Бөлісу