Балалар неше жастан жарысқа қатыса алады? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Балалар неше жастан жарысқа қатыса алады?

Балалар неше жастан жарысқа қатыса алады?

Енді 13 жасқа толмаған балалардың бокс бәсекелеріне қатысуына тыйым салынады. Туризм және спорт министрлігі спорттық жарыстарға қатысудың ең төменгі жас мөлшерін бекітті. Бұйрық 1 тамыз күні күшіне енеді. Оған бірқатар олимпиадалық спорт түрі кіреді. Мәселен, велоспорт жарысында бақ сынауы үшін бала 13-тен асуы керек. Ат спорты мен нысана көздеуге 12 жастан бастап қатысуға болады. Сондай-ақ, министрліктің бұйырығына сәйкес, академиялық ескек есу мен еркін күреске – 10, жеңіл атлетикаға – 9, гольф, баскетбол, шайбалы хоккей мен футболға бала 8 жасқа толған соң баруға болады. Ал, 7 жастан кейін әртістік жүзу, үстел теннисі, жүзу, сноуборд және тау шаңғы спорты додаларына қатысуына рұқсат. Спорттық құзға өрмелеу мен бадминтоннан болатын сайыстарға 6 жастан бастап және батуттағы гимнастика мен спорттық гимнастикаға 5 жастан бастап қатыса алады.

Асылбек Данияр

Автор
Редакция
Бөлісу