Ақмола облысында қоғамдық тыныштықты бұзған бапкерге қатысты қылмыстық іс қозғалды
Ақмола облысында қоян-қолтық ұрыстың бапкерлері Зерендінің демалыс базаларының бірінде қоғамдық тыныштықты бұзды.
Ішімдікке масайған спортшылар түн ішінде айғай-шу көтеріп, бөтен бөлмелердің есіктерін қағып, әйелдер мен балалардың үрейін ұшырған. Демалыс орнының әкімшісі полиция шақыртуға мәжбүр болды. Алайда өз күшіне сенген бапкерлер тәртіп сақшыларына да көнбеген. Былапыт сөйлеп, тіпті полицейді төбелесуге шақырған. Енді бұзақылық жасаған бапкер өзінің лицензиясынан да айырылуы мүмкін. Оқиғаның өзге қатысушыларының іс-әрекеттеріне құқықтық баға әлі берілген жоқ.
Әлия Біләлова, облыстық Полиция департаментінің жетекші маманы:
Қызметтік міндеттерін атқару кезінде полиция қызметкерін көпшілік алдында қорлауға жол берген ер адамның заңсыз әрекеттері фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ, құқықбұзушы ҚР әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің үш бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Зеренді аудандық сотының шешімімен ол әкімшілік қамауға алынды.
Бибінұр Әмірханқызы
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елімізде «Аналар саулығы» бағдарламасы іске қосылды
05.08.2025, 20:22

Аптап ыстық: Жапония үкіметі тұрғындар үшін алаңдаулы
05.08.2025, 20:20
Қостанай облысындағы тарихи ескерткіш әлемнің рекордтар кітабына енді
05.08.2025, 20:19
Жетісу облысында 77 үйдің шатыры жөнделіп жатыр
05.08.2025, 20:18
Израиль Газа секторын қайта басып алуы мүмкін
05.08.2025, 20:17
Ата кәсіпті нәсіп еткен
05.08.2025, 20:16
АҚШ-та Boeing қызметкерлері жұмысқа шықпады
05.08.2025, 20:14
Абай театрында «Ой толғау – Хәкім Абай» монооперасы қойылды
05.08.2025, 20:10
Banner