Семсерлесушілер ширек финал жолдамасына таласады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Семсерлесушілер ширек финал жолдамасына таласады

Семсерлесушілер ширек финал жолдамасына таласады

Семсерлеуден Грузияда өтіп жатқан әлем біріншілігі аяқталуға жақын. Өкінішке қарай, жекелей сында Ұлттық құрама мүшелері жүлдегерлер қатарынан көріне алмады. Ең үздік нәтиже 1/8 финалда жарыс жолынан шығып қалған Руслан Құрбановқа тиесілі. Отандасымыз қорытынды кестеде 9-орыннан көрінді. Ендігі бар үміт командалық сында. Бүгін іріктеу кезеңі өтті.  Отандастамырыз 1/16 финалда жеке бейтарап спортшылармен, яғни Ресей командасымен кездесті. Командалық әлемдік рейтингте 5-орында тұрған жерлестеріміз қарсыластарын 10 ұпай айырмасымен, 45:35 есебімен жеңді. Енді қазақстандық семсерлесушілер ширек финалға шығу үшін Қытай құрамасын жеңуі керек. Жарыс ертең жалғасады. Айта кетейік, бұл сында ел намысын: Руслан Құрбанов, Вадим Шарлаимов, Эльмир Әлімжанов, Кирилл Проходов қорғады.

Асылбек Данияр


Автор
Редакция
Бөлісу