Ақмолада бюджет қаражатын иемденген балабақша есепшісіне қатысты жария сот отырысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Ақмолада бюджет қаражатын иемденген балабақша есепшісіне қатысты жария сот отырысы өтті

Ақмолада бюджет қаражатын иемденген балабақша есепшісіне қатысты жария сот отырысы өтті

Ақмола облысында бюджет қаражатын иемденген балабақша есепшісіне қатысты жария сот отырысы өтті.

Балабақша бухгалтері 2021 жылдан 2023 жылға дейін өзінің және қызының банктік шоттарына заңсыз 9 млн теңге аударған. Бұл әрекеттерін меңгерушінің ЭЦҚ-сын пайдалана отырып жасаған. Сондай-ақ, сотталушы салық төлемдерін де толық аудармаған, салдарынан кәсіпорынның 6,6 млн теңге сомасында берешегі пайда болды. Сотта есепшінің кінәсі толық дәлелденді. Оған рақымшылық Заңы қолданылып, сотталушы 2 жыл 9 айға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар бухгалтерлік есеп саласындағы қызметпен айналысуына тыйым салынды.

Бибінұр Әмірханқызы

Автор
Редакция
Бөлісу