Астанада пластик қалдықтар кәдеге жарап жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Астанада пластик қалдықтар кәдеге жарап жатыр

Астанада пластик қалдықтар кәдеге жарап жатыр

Пластик қалдықтардан орындық та, қоқыс салатын жәшік те жасауға болады. Елорда іргесінде орналасқан өндірістік кәсіпорын қарапайым қоқыстан полимерлі-құмды композиттер жасайды. Алдымен пластик қалдықтар ұнтақталады. Кейін 250-300 градустық пеште балқытады. Пішін беріледі, өңделеді. Сосын экологиялық тұрғыдан таза әрі арзан өнім алады. Өндіріс қызметкерлерінің айтуынша, әкімдік пен құрылыс компаниялардан сұраныс бар.

Нұрбақыт Елеусізов, бригада басшысы:

Енді экологияға пайдасы зор ғой. Мұның бәрі шашылып, шіріп жатқанша іске асып, бір аулада тұрады, мысалы. Бір орындық шығарғанға 5500 пакет кетеді. Жылына енді 100-1500 тоннаға кетеді ғой. Суға, аязға, ыстыққа шыдамды. Шірімейді, боямайсың. Бірақ салмағы ауыр. Қаттылап бірдеңемен сындырмаса, 50 жылдай тұрады.

Темірлан Нұрсолтанов


Автор
Редакция
Бөлісу