Е.Рыбакина үшінші айналымда бақ сынайды
Қазақстанның бірінші ракеткасы - Елена Рыбакина Монреальдегі WTA 1000 турнирін сәтті бастады. Отандасымыз 1/32 финалда дүниежүзілік рейтингте 50-орында тұрған америкалық Хейли БапТистпен кездесті. Бұл қос теннисшінің өзара алғашқы матчы болатын. Бірінші сет тартысты өтті. Екі спортшы да 4 геймге дейін берілмеді. Яғни есеп 4:4 болған сәтте Елена брейк-жасап, алға шықты. Артынша, сет пойнтты да сәтті пайдаланды. Екінші партияда да жерлесіміздің бәсі жоғары болды. Кезекті брейк-пойнтты өз еншісіне жазды. Осылайша, кездесу 6:3 есебімен түйінделді. Бір сағат 12 минутқа созылған бәсекеде қазақстандық теннисші 11 эйспен көзге түсті. Енді Елена 1/8 финалға шығу үшін румыниялық Жаклин Кристианды жеңуі керек.
Асылбек Данияр
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49

Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Хасан Қасымбаевқа қатысты сот процесі басталды
21.08.2025, 10:12
Banner