Семсерлесушілер тарихи жүлде жеңіп алды
Сенсация! Семсерлесуден Қазақстан Ұлттық құрамасы Әлем чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды. Бұл – тарихи нәтиже. Бұған дейін, 2023 жылғы біріншілікте жекелей сында Руслан Құрбанов үшінші орын алған еді.
Жігіттер қола жүлде сарапқа салынған бәсекеде Олимпиаданың 9 дүркін чемпионы - Франция құрамасын айқын басымдықпен, 45:31 есебімен жеңді. Семсерлесудің сапы түрі бойынша өткен командалық сында ел намысын Руслан Құрбанов, Вадим Шарлаимов, Эльмир Әлімжанов, Кирилл Проходов қорғады. Айта кетейік, жартылай финалға дейін сүрінбей жеткен спортшыларымыз, финал жолдамасы үшін болған семсерлесуде жапон атлеттеріне жол берді. Тағы бір атап өтетін нәтиже – ширек финалда Қазақстан командасы былтырғы әлем чемпионы Италия құрамасын жеңді.
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
