Атырауда бассейндер жаппай тексеріледі
Атырауда эпидемиологтар бассейндерді жаппай тексермек. Еске салсақ, осыдан екі апта бұрын қаладағы хауыздардың бірінде 14 бала уланып қалған еді. Осы оқиғадан соң облыс әкімі қаладағы бассейндерді түгел тексеруді тапсырды. Жалпы шаһарда 16 ашық және 25 жабық бассейн бар. Бүгінге дейін бас аяғы 164 су сынамасы алынып, 12 бассейн талапқа сай болмай шықты. Енді қауіпсіздік шаралары күшейтіледі. Яғни шомылуға келгендер дәрігерден арнайы рұқсат қағазын алуы тиіс. Бұл – қоғамдық денсаулықты қорғауға бағытталған шара дейді мамандар. Ал балалар уланған аквапаркке қатысты тергеу жүріп жатыр. Зардап шеккен 14 бала да ауруханадан ем қабылдап, үйлеріне жіберілген.
Айгүл Ысқақова, облыстық СЭБ департаменті басшысының орынбасары:
Тергеп-тексеру барысында бұл нысаннан сынама алынды. Ауадан хлор қалдықтары анықталмағанмен, бассейндерден алынған сулардың құрамында хлор қалдығының мөлшері көп болды. Судың кермектігі жоғары боп шықты.
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
