Ақтауда кәсіптік білім беру ұйымдарында «Ашық есік күні» өтіп жатыр
Ақтауда кәсіптік білім беру ұйымдарында «Жұмысшы мамандықтар» жылына орай, «Ашық есік күні» өтуде. Іс-шараның мақсаты - жоғары сынып оқушыларына сұранысқа ие техникалық және жұмысшы мамандықтарды жан-жақты таныстырып, кәсіби бағдар беру. Жалпы, Ақтауда 15 колледж бар. Оларда 12 мыңдай студент оқиды. Кәсіптік білім беру ұйымдары соңғы жылдары оқу бағдарламаларына жаңа мамандықтарды енгізуде. Мәселен, биыл 50 баланы «Архитектура» және «Техник-жобалаушы» мамандығына оқыту жоспарланып отыр.
Арманай Сейдахметова, оқушы:
Кішкентай кезімнен бейнелеу өнеріне, сурет салуға, өнеркәсіпке қызығушылығым бар. Бізге өте көп қызықты ақпарат айтты және үйлердің бірінші макет арқылы салынатынын айтты. Макеттердің жасалу жолдарын, қалай жасау керек екенін айтты. Менің болашақ жоспарым – архитектор болып, Қазақстанға өз үлесімді қосу.
Рахия Сатқанбай, арнайы пән оқытушысы:
Архитектура мамандығына сұраныс өте жоғары. Балалардың қызығушылығы да жоғары. Біздің колледжде осы мамандықты игеруге толық мүмкіндіктер жасалған. Бірінші жұмысшы мамандығында «Графикалық жұмыстарды орындаушы» болып шығады. Ал екіншісі «Архитектураны» толық бітіріп шыққан кезде, ол «Техник-жобалаушы» деген мамандығын алып шығады.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елімізде «Аналар саулығы» бағдарламасы іске қосылды
05.08.2025, 20:22

Аптап ыстық: Жапония үкіметі тұрғындар үшін алаңдаулы
05.08.2025, 20:20
Қостанай облысындағы тарихи ескерткіш әлемнің рекордтар кітабына енді
05.08.2025, 20:19
Жетісу облысында 77 үйдің шатыры жөнделіп жатыр
05.08.2025, 20:18
Израиль Газа секторын қайта басып алуы мүмкін
05.08.2025, 20:17
Ата кәсіпті нәсіп еткен
05.08.2025, 20:16
АҚШ-та Boeing қызметкерлері жұмысқа шықпады
05.08.2025, 20:14
Абай театрында «Ой толғау – Хәкім Абай» монооперасы қойылды
05.08.2025, 20:10
Banner