«Челси» Д.Сәтпаевқа жеке жаттықтырушы тағайындады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар «Челси» Д.Сәтпаевқа жеке жаттықтырушы тағайындады

«Челси» Д.Сәтпаевқа жеке жаттықтырушы тағайындады

Санаулы күнде 17 жасқа толатын қазақстандық футболшы Дастан Сәтпаевқа Англияның «Челси» клубы жеке жаттықтырушы тағайындады. Бұл туралы британдық TheChelseaChronicle басылымы жариялған арнайы мақалада жазылған. Автордың пайымынша, бұл - жас қазақстандыққа артылып отырған зор үміттің айғағы. Шетелдік БАҚ Сәтпаевтың чемпиондар лигасындағы ойын мәнеріне жоғары баға берді. Сонымен бірге, клуб «Қайрат» шабуылшысын Тұманды Альбионға көшуін жеделдетуі мүмкін екенін жазған. Айта кетейік, қазір Дастан Қазақстан премьер-лигасындағы үздік сұрмергендердің бірі. Ол биылға маусымда 18 матч өткізіп, 8 гол соғып үлгерді. Ал, УЕФА Чемпиондар лигасы аясында 4 ойынға қатысып, екі голмен қатар, бір нәтижелі пас берген.

Асылбек Данияр


Автор
Редакция
Бөлісу