Елімізде шегірткеге қарсы улау жұмыстары аяқталды
Елімізде 2,7 млн гектар аумақта шегірткеге қарсы күрес жұмыстары жүргізілді. Химиялық өңдеуге биыл биологиялық тиімділігі жоғары препараттар қолданылған. Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілі Саят Сақмолдиннің сөзінше, сақтық пен зерттеу шараларына 36 мыңнан астам адам тартылған. Зиянкестерді улауға 7 агродрон мен 443 бірлік арнайы техника жүмылдырылған. Оның 239 көктен дәрі шашқан.
Саят Сақмолдин, ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының орынбасары:
Қазіргі таңда өңірлерде өңдеу жұмыстары толық аяқталды. Былтырмен салыстырғанда өңделетін алаң 400 мың гектарға қысқарды. Көршілес мемлекеттерден шегірткенің ұшып келуі немесе бізден оларға өтуі сияқты жағдайлар тіркелген жоқ. Республика аумағындағы егістік пен шабындықтарға шегіртке зияны болған жоқ.
Алдияр Айтбай
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елімізде «Аналар саулығы» бағдарламасы іске қосылды
05.08.2025, 20:22

Аптап ыстық: Жапония үкіметі тұрғындар үшін алаңдаулы
05.08.2025, 20:20
Қостанай облысындағы тарихи ескерткіш әлемнің рекордтар кітабына енді
05.08.2025, 20:19
Жетісу облысында 77 үйдің шатыры жөнделіп жатыр
05.08.2025, 20:18
Израиль Газа секторын қайта басып алуы мүмкін
05.08.2025, 20:17
Ата кәсіпті нәсіп еткен
05.08.2025, 20:16
АҚШ-та Boeing қызметкерлері жұмысқа шықпады
05.08.2025, 20:14
Абай театрында «Ой толғау – Хәкім Абай» монооперасы қойылды
05.08.2025, 20:10
Banner