Елімізде демалыс аймақтарына экологиялық бақылау жүргізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Елімізде демалыс аймақтарына экологиялық бақылау жүргізілді

Елімізде демалыс аймақтарына экологиялық бақылау жүргізілді

Экологиялық мәдениетті сақтау мен қауіпсіздік ережелерін қатаң ұстану – адам өмірін сақтаудың маңызды алғышарты. Бүгін Қонаев қаласында қоғамдық кеңес мүшелері туристік орындар мен демалыс аймақтарын аралап, экологиялық бақылау жұмысын жүргізді. Мақсат – табиғи аумақтардағы тазалық пен экологиялық ахуалды бақылау, заңсыз қоқыс төгудің алдын алу және тұрғындарды табиғатқа ұқыпты қарауға шақыру. Сондай-ақ демалушылармен экологиялық мәдениетті арттыруға бағытталған түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырды. Бұл бастама – Қонаев қаласының экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам. Экологиялық бақылауға еріктілер мен табиғат жанашырларын да тарту жоспарланған.

Қазыбек Дәуітәлиев, Алматы облысы қоғамдық кеңесінің төрағасы:

Азаматтар тарапынан да мәдениет қажет: қауіпсіздік ережесін сақтау маңызды. Мысалы, белгіленген межеден асып кеткен жағдайда айыппұл салынады. Жалпы суда жүзу ережесін, заңда көрсетілген тәртіпті сақтау керек, бұл жағынан да кемшіліктер бар.

Жазира Оразқызы

Автор
Редакция
Бөлісу