Ақтөбеде жастар тал-теректі күтіп-баптауды үйренді
Ақтөбеде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында «Жасыл ел» еңбек жасағының сарбаздары жасыл-желекті күтіп ұстаудың негіздерін үйренді. Шеберлік сабағында тәжірибелі орман инженерлері жас көшеттерге күтім жасау, зиянкестермен күрес және ағаштардың ылғалдылығын қадағалау сияқты тәсілдерді түсіндірді. Биылғы еңбек маусымында өңірдегі 3200 жасты жұмыспен қамту жоспарланған. Олар құрылыс, қаланы абаттандыру, көгалдандыру бағыттары бойынша еңбек етіп жүр. «Жасыл ел» жасақтарының күшімен биыл қоқыс полигонына 400 тонна тұрмыстық қалдық төгілген.
Меруерт Ізгілік, «Жасыл ел» еңбек жасағының сарбазы:
Маған бұл жұмыс ұнайды, себебі табиғатқа жақынмын. Екіншіден, еңбекқормын, жұмысты талғамаймын. Ата-анама қолғабыс болып, каникулда бос жатпайын деп еңбек етіп жүрмін.
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елімізде «Аналар саулығы» бағдарламасы іске қосылды
05.08.2025, 20:22

Аптап ыстық: Жапония үкіметі тұрғындар үшін алаңдаулы
05.08.2025, 20:20
Қостанай облысындағы тарихи ескерткіш әлемнің рекордтар кітабына енді
05.08.2025, 20:19
Жетісу облысында 77 үйдің шатыры жөнделіп жатыр
05.08.2025, 20:18
Израиль Газа секторын қайта басып алуы мүмкін
05.08.2025, 20:17
Ата кәсіпті нәсіп еткен
05.08.2025, 20:16
АҚШ-та Boeing қызметкерлері жұмысқа шықпады
05.08.2025, 20:14
Абай театрында «Ой толғау – Хәкім Абай» монооперасы қойылды
05.08.2025, 20:10
Banner