Шілде айында жемқорлық істері бойынша мемлекетке 113,6 млн теңге қайтарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Шілде айында жемқорлық істері бойынша мемлекетке 113,6 млн теңге қайтарылды

Шілде айында жемқорлық істері бойынша мемлекетке 113,6 млн теңге қайтарылды

Биыл шілде айында жемқорлыққа қарсы күрес нәтижесінде мемлекетке 113,6 млн теңге қайтарылды. Сондай-ақ 619,1 млн теңгеге бағаланған мүлікке тыйым салынған. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады. Ақпаратқа сәйкес, шілдеде ел бойынша 17 құқықбұзушылық фактісі тіркелген. Олардың басым бөлігі пара беру мен алу жағдайларына қатысты. Билікті немесе қызметтік өкілетті асыра пайдалану, алаяқтық, сондай-ақ жеке өмірге қолсұқпаушылықты бұзу фактілері де анықталған. Ал жемқорлық фактісі туралы хабарлағаны үшін екі қазақстандық 471,84 мың теңге алған.

Темірлан Нұржанұлы

Автор
Редакция
Бөлісу