Австралияда қар жауды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Австралияда қар жауды

Австралияда қар жауды

Австралияның Жаңа Оңтүстік Уэлс штатында қар борап, кейбір елді мекендерді ақ мамық басты. Бірақ кенеттен жеткен қыс жергілікті халықты қуантпаса, қайғыртқан жоқ. Тұрғындар далаға шығып, бір-біріне қар атты. Кейбіреулер өмірінде қарды алғаш рет көру үшін осы штатқа арнайы барған. Дегенмен, жолдарда көлік қатынасы қиындап отыр. Мұны осы аймақтың төтенше жағдайлар қызметі хабарлады. Оның дерегінше, өткен тәулікте жүзден астам жүргізуші құтқарушылардан көмек сұрады. 

Арай Төлегенқызы

Автор
Редакция
Бөлісу