А.Құнанбайұлының мерейтойына орай онкүндік жалғасуда
«Абайдың кейбір кездері». Осындай атаумен Семейде Абай Құнанбайұлының мерейтойына арналған шаралар бүгін жалғасты. Бейбітшілік аралындағы этноауылда жастар арасында садақ атудан сайыс өтті. 13 пен 17 жастағы құралайды көзге атқандар шеберліктерін ортаға салды. Жарыста мергендер көне қарудан нысанаға дөп тигізудің түрлі әдіс-тәсілдерін паш етті. Отырып, тұрып және қозғалыста жебе тартуда үздіктер анықталды. Ең мықтылар алда Маңғыстауда болатын республикалық бәсекеге жолдама алады. Бүгінгі сында суырылып шыққандар ұлы ақынның мерейтойына дайындалған арнайы сыйға ие болды.
Үміткен Салық, сайысқа қатысушы:
Бұл мүмкіндіктері өте көп спорт түрі. Қазір қатты дамып келе жатыр. Жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында 400 бала қатысқан болатын. Соған қызығып, залға атуға келдім. Содан құрбым екеуіміз ары қарай атып кеттік, кәсіби түрде.
Ержан Жақып
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елімізде «Аналар саулығы» бағдарламасы іске қосылды
05.08.2025, 20:22

Аптап ыстық: Жапония үкіметі тұрғындар үшін алаңдаулы
05.08.2025, 20:20
Қостанай облысындағы тарихи ескерткіш әлемнің рекордтар кітабына енді
05.08.2025, 20:19
Жетісу облысында 77 үйдің шатыры жөнделіп жатыр
05.08.2025, 20:18
Израиль Газа секторын қайта басып алуы мүмкін
05.08.2025, 20:17
Ата кәсіпті нәсіп еткен
05.08.2025, 20:16
АҚШ-та Boeing қызметкерлері жұмысқа шықпады
05.08.2025, 20:14
Абай театрында «Ой толғау – Хәкім Абай» монооперасы қойылды
05.08.2025, 20:10
Banner