Н. Құрбанов келесі Олимпиадаға қатысуға ниетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Н. Құрбанов келесі Олимпиадаға қатысуға ниетті

Н. Құрбанов келесі Олимпиадаға қатысуға ниетті

Спорттық гимнастикадан Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нариман Құрбанов жағымды жаңалығымен бөлісті. Парижде тарихи медальді жеңіп алған отандасымыз 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиадаға қатысуға ниетті екенін мәлімдеді. Бұл туралы спортшы әлеуметтік желідегі парақшасына жазды. «Естеліктерге оралу әрқашан да жылы болады, бірақ осымен біз тоқтап қалмаймыз. 2028 жылы Лос-Анджелестегі Олимпиада ойындарының алтынына күресу үшін бар күшімді салып, еңбек ететін боламын»,-делінген жазбада. Естеріңізге сала кетейік, Нариман Құрбанов ат снарядындағы жаттығуда жүлделі болған еді.

Асылбек Данияр


Автор
Редакция
Бөлісу