Еңбек пен табандылық: Ақназар Мүтәліпов әлемдік рекорд иесі
Бұл қазақстандық параспортшы Ақназар Мүтәліпов. Су спортын серік еткен Ақназар күнде осылай 2 жарым шақырым жүзеді. Спортшы жуырда ғана Балқаш көлінде 20 шақырымды еңсеріп, әлемдік рекорд жасады. Ақназар осылай бір қолы мен бір аяғы жоқ адамның да мүмкіндіктері мол екенін дәлелдеп келе жатқан жігерлі жан. Тынымсыз еңбегі мен табандылығының нәтижесінде былтыр Таразда өткен ел чемпионатында бірінші орын иеленіп, кейін Бурабай көлін жүзіп өтті. Ал жаңа рекордын әлемдік деңгейде тіркеп, алдағы олимпиадаға дайындалмақ ниетте:
Ақназар Мүтәліпов, параспортшы:
Көбісі айтады судан қорықпайсың ба, ашық судан, терең деп. Мен шыны керек суды жақсы көремін. Су өзіме ұнайтын спорт болған соң ондай қатты қорқыныш болмады. Параспортшы ретінде әлемдік жарыстарға шыққым келеді. Арманымдағы жүзіп өтетін жерлер бар. Көлдер бар. Қазіргі мақсатым рекордтты тіркеу.
Дархан Рахымжан
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елімізде «Аналар саулығы» бағдарламасы іске қосылды
05.08.2025, 20:22

Аптап ыстық: Жапония үкіметі тұрғындар үшін алаңдаулы
05.08.2025, 20:20
Қостанай облысындағы тарихи ескерткіш әлемнің рекордтар кітабына енді
05.08.2025, 20:19
Жетісу облысында 77 үйдің шатыры жөнделіп жатыр
05.08.2025, 20:18
Израиль Газа секторын қайта басып алуы мүмкін
05.08.2025, 20:17
Ата кәсіпті нәсіп еткен
05.08.2025, 20:16
АҚШ-та Boeing қызметкерлері жұмысқа шықпады
05.08.2025, 20:14
Абай театрында «Ой толғау – Хәкім Абай» монооперасы қойылды
05.08.2025, 20:10
Banner