Алматыда колледж педагогтері шетелдік тәжірибемен танысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Алматыда колледж педагогтері шетелдік тәжірибемен танысты

Алматыда колледж педагогтері шетелдік тәжірибемен танысты

Еліміздегі колледждердегі оқыту жүйесіне инновациялық технологияны енгізу маңызды. Мұндай тәжірибе білім сапасын арттырады. Бұл туралы Алматыда өткен жиында айтылды. Іс-шараға шаһардағы колледж оқытушылары қатысты. Мамандар Малайзия, Сингапур, Финляндия және АҚШ елдерінің білім беру жүйесінде қолданылатын тәжірибелерді талқылады. Оқу үдерісін практикамен толықтыру, студенттердің кәсіби құзыреттілігін арттыру бағытындағы жұмыстар пысықталуы керек. Бұл маманның, білім алушының шеберлігін шыңдай түседі, деді жиынға қатысушылар.

Сәуле Сембиева, «Алматы көпсалалы колледжі» КМҚК директорының орынбасары:

Осы тағылымдамаларды тек қана жаңа замануи технологияларды практика жүзінде оқып қана келіп қоймай, соны осы Алматы қаласының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына жеткізу барысында оны қалай енгізеді? Қалай енгізіп жатыр? Қандай жұмыстар атқарылып жатыр сол бойынша біз бірлесіп осы дөңгелек үстелді өткізіп, талқылап жатырмыз.

Айдана Қуантхан 


Автор
Редакция
Бөлісу