Түркістанда веложолдар ұзартылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Түркістанда веложолдар ұзартылады

Түркістанда веложолдар ұзартылады

Түркістанда серуендеуге арналған веложолдар ұзартылады. Қазіргі таңда қала аумағында 845 шақырым болатын 875 көше болса, соның тек 83 шақырымы веложолмен қамтылған. Мамандар велосипедпен серуендеушілерге қолайлы жағдай жасау мақсатында биыл тағы да 20 шақырым веложолақ төселетінін айтты. Бүгінге дейін шаһардағы Бекзат Саттарханов, Тәуке хан даңғылы, Шәуілдір тасжолы, Сұлтанбек Қожанов, Байбұрт және Әмір Темір көшелері мен «Тұңғыш Президент саябағы» аумағында веложол жүргізілді. Сонымен қатар Гүлдер саябағы, Әуенді субұрқақ маңы, «Visit centre» орталығы жанында да веложолдар бар. Жолға жауаптылар биыл қалада ұзындығы 138 шақырым болатын бірнеше көшеге асфальт төселіп, веложолдарды ұзартуды көздеп отыр. Айта кетейік, бүгінгі таңда қаладағы жолдарының 554 шақырымы, яғни 60 пайызы жақсы, 339 шақырымы қанағаттанарлық жағдайда деп танылған. Жыл соңына дейін сапасы жақсы жолдың үлесін 66 пайызға жеткізу жоспарланып отыр.

Бексұлтан Ыдырыс, қала әкімдігі Жолаушылар көлігінің және автокөлік жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі:

Сонымен қатар қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру және қолайлы орта қалыптастыру мақсатында қала аумағындағы басты көшелерге жөндеу жұмыстары жоспарланған. Алдағы уақытта іске асырылатын реконструкциялау, құрылыс жобалау барысында аталған нысандарды веложолмен қамту жоспарлануда.


Автор
Редакция
Бөлісу