Тоғыз өткізу бекеті жаңартылып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Тоғыз өткізу бекеті жаңартылып жатыр

Тоғыз өткізу бекеті жаңартылып жатыр

Биыл Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы шекараларындағы тоғыз өткізу бекеті жаңартылып жатыр. Қазір соның төртеуінде жұмыс аяқталған. Жоспар бойынша қалған бесеуі жыл соңына дейін дайын болады. Бұл туралы Үкіметтегі жиында айтылды. Қаржы министрлігінің өкілі «Жібек жолы» жолаушылар бекетінде реконструкция жоспардан тыс жүргізіліп жатқанын айтты. Жұмыс келесі жылдың ортасына дейін аяқталады, деді. Баяндамаларды тыңдаған Премьер-министр жөндеу мерзімінің кешігуіне байланысты салалық министрліктерді сынға алды. Мемлекеттік кірістер мен Автомобиль жолдары комитеті төрағаларын жауапкершілікке тартуды тапсырды. Сонымен бірге, жауапты басшылар өңірлерге жіберетінін жеткізді. Олжас Бектенов кеден бекеттерінде кадрға қойылатын талаптар күшейіп, техникалық жабдықтар мен интернет мәселелерін шешу керегін айтты. Көлік, қаржы министрлеріне өткізу пункттерін реконструкциялау барысы туралы Премьер-министрге апта сайын есеп беру тапсырылды.

Асылбек Данияр


Автор
Редакция
Бөлісу