Орынғазы Сейденов - Абайдың 90 жылдығының куәгері - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Орынғазы Сейденов - Абайдың 90 жылдығының куәгері

Орынғазы Сейденов - Абайдың 90 жылдығының куәгері

Біз ақынның 180 жылдығына келген қонақтар арасынан, Абайдың 90 жылдығына куә болған қарияны кездестірдік. Орынғазы Сейденов бүгінде Семейде тұрады. Өзі ұлы ойшылдың туған жері Абай ауданының тумасы. Хәкім басқан топырақты таптап өскен ақсақал 180 жылдық дүбірлі думанды көзбен көргеніне дән риза. Бала күнінде ақынның ертеректегі тойының да куәгері болған көрінеді. Кішкентай болсам да сол шақтағы думан әлі көз алдымда дейді.

Орынғазы Сейденов, Абай ауданының тұрғыны:

Мен алғаш Абайдың 90 жылдық тойына қатыстым. Ол кезде жас бала едім. Тайлы-тұяғымызбен қуанып, қызықтап жүргеніміз әлі есімде. Ал қазір заман басқа, қазір оны одан да жақсы тойлауға мүмкіндік бар

Ернұр Медет

Автор
Редакция
Бөлісу