Кремль: Трамп пен Путин алдағы күндері кездеседі
АҚШ президенті Дональд Трамп пен оның ресейлік әріптесі Владимир Путин алдағы күндері кездеседі. Бұл туралы мәліметті бүгін Кремль таратты. Талқыланатын басты тақырып – Украинадағы соғысты тоқтату. Кремльдің сыртқы саясат жөніндегі кеңесшісі Юрий Ушаковтың сөзінше, келіссөздердің өтетін жері кейінірек жарияланады. Дегенмен, бүгін Путин Біріккен Араб Әмірліктерінің президентімен жүздесуі керек. Бұған дейін дәл осы елде Трамп-Путин саммиті өтуі мүмкін екені хабарланған еді.
Айта кетсек, Америка мен Ресей жетекшілері соңғы рет 2021 жылы маусымда Женевада кездескен еді.
Арыстан Рысбек
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49

Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Хасан Қасымбаевқа қатысты сот процесі басталды
21.08.2025, 10:12
Banner