Ақтөбеде абайтанушылар мен ақын есімін иеленген балаларға құрмет көрсетілді
Ақтөбеде абайтанушы ғалымдар мен ұстаздарға құрмет көрсетілді. Облыс басшылығы Ұлы ақынның 180 жылдық мерейтойына орай Абай оқуларының жеңімпаздарына да алғыс білдірді.
Кездесу барысында олардың ақын өмірі мен шығармаларын зерттеудегі еңбектері ерекше аталып, алғыс хаттар табысталды. Өңір басшысының айтуынша, бұл бір реттік акция емес. Абай мұраларын насихаттау жұмысы аймақтағы білім беру және мәдениет салаларында жүйелі түрде жалғасады. Бүгінгі шараға шақырылған ұстаздардың көбі оқушы кездерінде Абай оқуларына қатысып, қазақ тілі мен әдебиетіне деген қызығушылықтары оянған.
Диана Ескелдина-Креммер, қазақ тілі пәнінің мұғалімі:
Мен өзге ұлт өкілімін. Абайдың терең мағыналы, көркем тілді өлеңдерін көпшіліктің жүрегіне жеткізе алам ба, қолымнан келе ме деген қорқыныш болды. Алайда оның өлеңдерін оқыған сәттен бастап, бұл күмән сейіліп, орнын сенім мен шабыт басты деуге болады.
Жақсыбек Кемал
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49

Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Хасан Қасымбаевқа қатысты сот процесі басталды
21.08.2025, 10:12
Banner