Елімізде Абай есімді 18 763 адам тұрады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Елімізде Абай есімді 18 763 адам тұрады

Елімізде Абай есімді 18 763 адам тұрады

Бүгін Ұлттық статистика бюросы қызық дерек таратты. Елімізде Абай есімді 19 мыңға жуық адам тұрады. Олардың 10-ы қыз-келіншектер. Статистикаға сай қазір Ұлы ақынмен аттас 18 мың 763 ер адам бар. Дені 30-34 жастағы азаматтар. Ең егде тарқаны 1932 жылы туылған. Биыл дүниеге келген сәбилер арасында да бұл есім көп сұранысқа ие екен. 157 сәбиге ата-анасы ағартушының аты берген. Абайлардың дені бас қалада қоныс тепкен. Абай есімді 2089 астаналық тұрғын бар.

Алдияр Айтбай

Автор
Редакция
Бөлісу