Жас шахматшылар Әлем чемпионатынан күміс жүлде иеленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Жас шахматшылар Әлем чемпионатынан күміс жүлде иеленді

Жас шахматшылар Әлем чемпионатынан күміс жүлде иеленді

Қазақстандық шахматшылар АҚШ-та өткен Әлем чемпионатынан күміс жүлде жеңіп алды. 48 елден 55 команда қатысқан жарыс шахматтың рапид және блиц секілді жылдам түрлерінен өтті. Командалық ойындардан кейін спортшылар жеке құрамда бақ сынап, қоржынға бірден үш жүлде салды. Жас шахматшы Иманғали Ақылбай шаршы тақтада бір рет те жаңылмай, қарсыластарын ойсырата жеңіп, алтын медальге ие болды. Ал гроссмейстер Эдгар Мамедов пен халықаралық байқаулардың жеңімпазы Зарина Нұрғалиева қола жүлде иегері атанды.

Жанел Өтеулі 

Автор
Редакция
Бөлісу