Құрылыс материалдарының 70%-ы Қазақстанда жасалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Құрылыс материалдарының 70%-ы Қазақстанда жасалады

Құрылыс материалдарының 70%-ы Қазақстанда жасалады

Қазақстандағы құрылыс материалдарының 70 пайызы – отандық өнім. Биыл барлығы 713 млрд теңгеге бетон, цемент, гипсокартон мен құрғақ құрылыс қоспалары шығарылған. Қазір осы салада 3 мыңға жуық кәсіпорын жұмыс істейді. Соның 2800-дейі шағын өндіріс орны болса, 100-ден астамы ірі компаниялар. Олар ел экономикасына айтарлықтай үлес қосып, жалпы ішкі өнімнің 6 пайызын қамтамасыз етіп отыр. Айта кетсек, ел аумағындағы сәулетті ғимараттарды салуға бүгінде 1 миллионнан астам маман атсалысып жүр.

Жанел Өтеулі


Автор
Редакция
Бөлісу